← Назад к новостям
«КҮЗГІ БАЛ – 2026» 

«КҮЗГІ БАЛ – 2026» 

tolebimakataeva
09.11.2026 в 17:40
15 просм.
Нет комментариев

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде күз мезгілінің әсемдігін дәріптеп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі «Күзгі бал» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ерекше таныстыруларымен, шығармашылық тапсырмаларымен және әсем күзгі образдарымен көрермендерді тәнті етті. 
Байқау қатысушылары өздерінің тапқырлығын, таланты мен сахналық шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен және номинациялармен марапатталды. 
Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде, қызықты әрі әсерлі өтті. Әрбір қатысушыға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс білдіреміз!
Күз – береке мен молшылықтың, әсемдік пен шабыттың мезгілі!
 
 


https://www.facebook.com/share/p/14xcKB6soha/

Автор: tolebimakataeva · 09.11.2026
15
0

Посмотрите сервисы платформы

BMC Sales Logo
Меню KDT