«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»
Қараша айының 9 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагогтар, мектеп психологтары мен оқушылардың заңды өкілдері қатысып, бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады.
Іс-шараны мектеп директоры М.Султанова ашып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Өз сөзінде директор мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыстың оқушылардың жетістіктеріне тікелей әсер ететінін атап өтті.
Күн тәртібіндегі келесі маңызды мәселе — мектептің ішкі тәртіп ережелеріне арналды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Мырзаханова ата-аналарды мектеп формасына қойылатын талаптармен, сабаққа қатысу ережелерімен және қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруда бірлесе әрекет ету қажеттігі сөз болды. Бұдан бөлек, жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарына әкелуге тыйым салынған және пайдаланылуы шектелген заттардың тізбесі туралы айтылды
15
0



