« Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»
Шу ауданы Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қараша айының 9 күні « Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Шу ауданы әкімінің орынбасары Н. Солтанбаев түсіндірме жұмыстарын жұргіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Қосымша казіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтындығы туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы, білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



