МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» атты кітап көрмесі
2026 жылғы 23 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданының «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-сінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында және Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
*Іс-шараның мақсаты* – жас ұрпаққа Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихын, Республика күнінің маңызын және еліміздің жетістіктерін түсіндіру, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Сонымен қатар ел егемендігін нығайтуға бағытталған азаматтық жауапкершілікті арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітап көрмесіне Қазақстанның тарихы, тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, туған жері мен ел жетістіктері туралы әдебиеттер қойылды. Көрме оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейтіп, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлттық рухты дәріптеуге бағытталды.
Отан – отбасынан басталады, ал елге деген сүйіспеншілік туған жердің тарихын танудан бастау алады!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!
13
0



