«Адам ба, әлде ЖИ ма?»
2 қараша күні Н. Тілеуқұл мен А. Сатыбалды мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7 «Ә» сынып оқушылары арасында «Адам ба, әлде ЖИ ма?» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
Оқушылар адам қолымен жасалған дүниелер мен жасанды интеллект ұсынған жұмыстарды ажыратып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Түрлі қызықты тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында оқушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, оны тиімді пайдалану туралы ой бөлісті.
Осындай танымды да қызықты шаралар оқушылардың ізденісін арттырып, жаңа технологияларға деген қызығушылығын оятады.
12
0



