← Назад к новостям
9 «Б» сыныбының оқушыларымен «Эмоционалдық жағдайлар және олардың мінез-құлыққа әсері» тақырыбында психологиялық кеңес алаңы өткізілді.

9 «Б» сыныбының оқушыларымен «Эмоционалдық жағдайлар және олардың мінез-құлыққа әсері» тақырыбында психологиялық кеңес алаңы өткізілді.

tolebimakataeva
06.11.2026 в 11:17
12 просм.
Нет комментариев

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмірлік құндылықтарға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, эмоционалдық қиындықтарды жеңу дағдыларын дамыту, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру және психологиялық қолдау көрсету.
Кеңес алаңы барысында оқушыларға эмоциялық жағдайлардың адамның көңіл күйі мен мінез-құлқына әсері түсіндіріліп, жағымсыз эмоцияларды қауіпсіз әрі дұрыс жолмен басқару, қиындық туындаған жағдайда сенімді ересектер мен мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Іс-шара аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, оқушылардың эмоционалдық қауіпсіздігін нығайту және психологиялық саулығын қолдау бағытында ұйымдастырылды.


https://www.facebook.com/share/p/1DuMxcZVdu/

Автор: tolebimakataeva · 06.11.2026
12
0

Посмотрите сервисы платформы

BMC Sales Logo
Меню KDT