← Назад к новостям
ЕҢБЕК — ЖЕТІСТІКТІҢ НЕГІЗІ!

ЕҢБЕК — ЖЕТІСТІКТІҢ НЕГІЗІ!

65mektep
22.09.2026 в 18:16
3 просм.
Нет комментариев

Еңбек күніне орай мектебімізде оқушылардың еңбекке деген құрметін арттыру, жауапкершілік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды. 👩‍🏫👨‍🎓

🔹 1–4 сыныптар:
🌱 «Еңбек етемін, өсемін»
Бастауыш сынып оқушылары еңбекқорлықтың маңызын түсініп, еңбектің адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

🔹 5–8 сыныптар:
🎯 «Жетістік формуласы: еңбек + төзім + мақсат»
Оқушылар жетістікке жетудің басты құндылықтары — еңбексүйгіштік, төзімділік және нақты мақсат қоя білу екенін талқылады.

🔹 9–11 сыныптар:
🚀 «Еңбек — табысқа жетелейді: мамандықты ақылмен таңдаймыз»
Жоғары сынып оқушылары еңбек пен кәсіби жетістіктің байланысын талдап, болашақ мамандықты саналы әрі жауапкершілікпен таңдаудың маңызын түсінді.

✨ Әрбір үлкен жетістіктің артында — еңбек, табандылық және мақсат бар.

Бүгінгі оқушы — ертеңгі білікті маман. Сондықтан еңбекке құрметпен қарау — жарқын болашаққа бастар алғашқы қадам! 💪📚

Еңбек ет! Мақсат қой! Талмай ізден! Жетістікке жет! 🌟

Автор: 65mektep · 22.09.2026
3
0