← Назад к новостям
«МЕЙІРІМІМЕН БАСТАЛАТЫН ӘЛЕМ» – «ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ – ЖАҢА КҮНГЕ СЕРПІН»

«МЕЙІРІМІМЕН БАСТАЛАТЫН ӘЛЕМ» – «ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ – ЖАҢА КҮНГЕ СЕРПІН»

65mektep
08.09.2026 в 18:59
120 просм.
Нет комментариев

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Мейірімімен басталатын әлем» атты тақырыптық күн басталды. Күннің алғашқы сәті «Жылы лебіз – жаңа күнге серпін» таңғы қарсы алу акциясымен басталды. Мектептің белсенді оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері білім алушылар мен ата-аналарды жылы лебізбен қарсы алып, ізгі тілектер жазылған стикерлері мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын тілектер таратты. Акцияның басты мақсаты – мектеп қабырғасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, мейірімділік пен сыйластықты дәріптеу, әр күнді жақсы көңіл-күймен бастауға ықпал ету. ВИДЕО

Автор: 65mektep · 08.09.2026
120
0