← Назад к новостям
1-сынып ата-аналары үшін «Ашық есік күні» өтті.

1-сынып ата-аналары үшін «Ашық есік күні» өтті.

65mektep
31.08.2026 в 12:14
103 просм.
Нет комментариев

31 тамыз күні мектебімізде жаңа оқу жылына дайындық аясында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналарын оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру, жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпарат беру және ата-аналарды толғандырған сұрақтарға нақты жауап ұсыну. Ашық есік күні барысында ата-аналар мектеп әкімшілігімен, педагогтермен және жауапты мамандармен кездесіп, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп формасы, тамақтану, сабақ кестесі, күн тәртібі, бейімделу кезеңі және ата-аналармен өзара байланыс мәселелері бойынша кеңес алды. ВИДЕО

Автор: 65mektep · 31.08.2026
103
0