✨ «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»
Әл-Фараби
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектебі» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әдістемелік көмек көрсетілді. Бағдарлама талаптарына сәйкес облысымыздың тірек мектебі саналатын білім ордасында ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Оқу мен тәрбиені өзара кіріктіру мәселесіне ерекше мән беріліп, құндылыққа негізделген тәрбие жұмысын оқу үдерісінің мазмұнымен тиімді ұштастырудың озық тәжірибелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында күй күмбірімен астасқан домбыра үні арқылы Әлихан Бөкейханның білім мен тәрбиеге қатысты нақыл сөзі орындалып, ұлт болашағы үшін білімді әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың маңызын терең сезіндірді.
Аталған жұмыстар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жол ашып, білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін жүйелеуге, сондай-ақ оқушылардың адалдық, жауапкершілік және азаматтық сана құндылықтарын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены