Шу ауданы білім бөлімінің "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебі" КММ-де
2025ж 1-қазан күні “Қамқор” жобасы аясында қарттар күні мерекесіне арнап«Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар үлкендерге арналған жүрекжарды әндерін орындап, ұлттық дәстүрді дәріптейтін билер биледі, ата-әжелердің өмірлік даналығын жеткізетін монологтар оқыды. Сонымен қатар, «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген аталы сөздің мән-мағынасын түсіндіретін тәрбиелік мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді.Кеш соңында мектеп басшылығы қарттарға ізгі тілектерін арнап, сый-сияпаттар табыстады.іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеу, олардың ақыл-кеңесін қадірлеу, сондай-ақ қазақ халқының «Үлкенді сыйлаған – ұлық болады» деген аталы сөзін іс жүзінде насихаттау болды.


Автор: tolebimakataeva
Добавлено: 02.10.2025 в 16:48