Меню KDT
"Ұлт тілінің байлығын паш етейік"

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) КММ
2025 жылдың 15 қыркүйек күні "Ұлт тілінің байлығын паш етейік"
тақырыбында мақал-мәтел сайысы өтті.
*Мақсаты:*
Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін
көтеру, ұлтқа деген сыйластығы мен тілге деген құметтерін арттыру.
4 сыныптар арасында әр сыныптан 4 оқушыдан, барлығы 20 бала қатысты.
Сайыс барысында сурет арқылы мақал-мәтелдерді тауып, орыс,
ағылшын тілдерінде аудармасын тапты. Ең бастысы балалардың көңілінен
шығып, білімге, тілге деген қызығушылықтары артып, қатысушыларға
мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сайыс жоғары
деңгейде ұйымдастырылды, оқушылар үшін бүгінгі іс-шара қызықты болды.
Іс-шара соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. #Тіл_мерекесі
#Біртұтас_тәрбие






Комментариев нет
16 просмотров
Автор: tolebimakataeva
Добавлено: 16.09.2025 в 09:51

Возможно вас заинтересует...!