Меню KDT
«Сөздерінде жалын бар... »


🔹 2023 жылғы 24 мамырда жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сөздерінде жалын бар... » атты оқушылар арасында облыстық айтыс өткізілді.
Айтыстың мақсаты: Ұлт ақыны М. Жұмабаевтың шығармашылығын, азаматтық, қайраткерлік ұстанымын насихаттау, айтыс өнері - киелі мұраны кеңінен насихаттау, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету.
Айтысқа барлығы аудандық/қалалық іріктеуден өткен 12 бала қатысты. Барлық қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
🔹 Бас жүлде - Сұлтан Жарқынұлы Қызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебі, І орын - Бекарыс Әділжан Аққайың ауданы, Дайындық орта мектебі, ІІ орын - Елнұр Оңдасын Петропавл қаласы, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы, ІІІ орын - Бейбарыс Аманжолұлы Қызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебі.


Комментариев нет
264 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 24.05.2023 в 20:07

Возможно вас заинтересует...!