Меню KDT
2 сәуір – «Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне» орай, 2023 жылғы 27 наурызында КММ «Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» базасында педагог – ассистенттерге арналған «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім-ассистенттің жұмыс әдістемесі» облыстық семинар өтті.


🔸 2 сәуір – «Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне» орай, 2023 жылғы 27 наурызында КММ «Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» базасында педагог – ассистенттерге арналған «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім-ассистенттің жұмыс әдістемесі» облыстық семинар өтті.
🔸 Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрету, ерекше балаларды мектепке бейімдеу бойынша оқыту жұмыстарының жүргізілуі туралы айтылды.
Семинар барысында қатысушылар аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыста ойын технологияларын қолданумен танысуға мүмкіндік алды, балалардың жеке білім беру маршруттарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар алды.
🔸 Жалпы іс-шара көздеген мақсатына жеткендігін атап өту қажет. Педагогтармен бірлесе отырып облыстық семинар нәтижесі талқыланып, қажетті ұсынымдар берілді.


Комментариев нет
398 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 27.03.2023 в 16:59

Возможно вас заинтересует...!