Ұстаздардың шығармашылықтарын арттыру және сыныптағы қабілетті балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі ұжымы арасында мектепішілік байқау ұйымдастырылды. «Қабілетті балалармен сабағымның трендтері» атты тақырыпта ұйымдастырылған бейнероликтер байқауға 13 ұстаз өз бақтарын сынады. Өз сабақтарынан үзінді ұсыну арқылы үздік әдіс-тәсілдерімен бөлісе алды. Байқауға жіберілген жұмыстарды зерделеп, баға беру үшін құрылған әділ-қазы тобы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ұстаздарды анықтады. Байқау қорытындысы:
Гран-при иегері- математика пәні мұғалімі Хаиржанова Ақнұр Амангельдиновна
1 орын - биология пәні мұғалімі Жанзахова Сабира Есенжановна
2 орын - бастауыш сынып мұғалімі Нуртазина Роза Жамбыровна
бастауыш сынып мұғалімі Кошубаева Надира Руслановна
3 орын - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куркенова Гулдана Жанботаевна, бастауыш сынып мұғалімі Канапина Гульнар Катауовна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жангалиева Нургуль Букенбаевна.
Барлық қатысушы ұстаздарға алғыс хат табысталды.
Өнерін шыңдаған барлық ұстаздарға шығармашылық табыс пен үлкен белестерді бағындыруына сәттілік тілейміз! 
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены