«М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ Оқушылар парламентінің волонтерлық фракциясы «Әрбір бала бізге жат емес!» қайырымдылық акциясын жариялаған болатын. Мектептің әрбір оқушысы мен мұғалімдері жай қарап қалмай ат салысқан болатын. Жиналған заттарды оқушылар парламентінің волонтерлық фракциясы "Петропавл қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына" барып, жаңа киім, ойыншықтарды, сыйлау түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Мақсаты: жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмек көрсетуге тәрбиелеу. Акцияны қолдаған адамдардың барлығына алғысымызды білдіреміз!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены