Меню KDT
«Элективті курстардың оқушы шығармашылығын дамытуда тигізер әсері» атты тақырыпта семинар

        2022 жылдың 2 наурыз күні облыстық қазақ тілі мұғалімдері зертханасының жылдық жоспарына сәйкес семинар өткізді.


2022 жылдың 2 наурыз күні Саумалкөл қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімдері облыстық қазақ тілі мұғалімдері зертханасының жылдық жоспарына сәйкес «Элективті курстардың оқушы шығармашылығын дамытуда тигізер әсері» атты тақырыпта семинар өткізді.
🔹Семинарда элективті курстарды жүргізудің тиімділігі, оқушы дарындылығы, кәсіби білім берудегі курстардың рөлі жайлы мұғалімдер іс-тәжірибесі тыңдалды.
🔹«Шахановтану», «Поэзия әлемі» курстары жөнінде мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.
🔹Аталған іс-шараға облыстың 70 астам қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысқан әріптестер кері байланыс жасай отыра, өзекті тақырыптың қозғалғанына өз оң пікірлерін білдірді.


Комментариев нет
1056 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 04.03.2022 в 12:37

Возможно вас заинтересует...!