Меню KDT
"Шамшырақ" облыстық қауымдастығының бірінші отырысы

    2022 жылғы 25 қаңтар күні "Шамшырақ" орыс тілді мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері облыстық қауымдастығының бірінші отырысы онлайн форматта өтті.



🔹Қауымдастық облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласының инновациялық және жалпы білім беру мектептерінің білікті 35 педагогтерінен құрылды. "Шамшырақ" қауымдастығы ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты базасында жұмыс жасайтын болады.
🔹Қауымдастық мүшелерін 2021-2022 оқу жылына қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне дамыту бағытында жоспарланған іс-шаралармен таныстырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері алға қойған мақсат-міндеттердің жүзеге асуына бір кісідей атсалысып, бірігіп жұмыс істейтіндерін жеткізді. Сонымен қатар педагогтердің ғылыми ізденістерін жетілдіру мақсатында ҚР ҰҰ ӘИ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к Ақмарал Сәркенқызы "Мақала жазудың алгоритмдері" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
🔹Қауымдастық жұмысының алғашқы отырысы педагогтер үшін сәтті басталды.


Комментариев нет
501 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 26.01.2022 в 11:10

Возможно вас заинтересует...!