Меню KDT
«Позвони – тебя услышат!»


«Позвони – тебя услышат!»

Есть ситуации, в которых помощь и поддержка нужны прямо сейчас, независимо от праздников, даты календаря и времени суток!
Обращение за помощью к психологу-консультанту — первый шаг на пути избавления от тяжелого груза обид, вины и тревог. Это простой и доступный способ найти возможность выговориться, посмотреть на ситуацию с другой стороны, предотвратить обострение и найти путь решения проблемы.
В случае обращения Телефон психологической помощи гарантирует вам анонимность и конфиденциальность.
психологи-консультанты не видят, как вы выглядите;
не могут узнать ваш номер телефона и место, откуда вы звоните, так как номера не определяются;
знают о вас только с ваших слов, можно не сообщать свои данные и представиться любым именем;
не просят информации о ваших родителях, школе, друзьях;
не будут передавать информацию третьим лицам, социальным службам. Звонки не записываются и не прослушиваются;
специалисты меняются, и если вы позвоните несколько раз, то будете общаться с разными людьми.
Задачи психолога-консультанта заключается в облегчении человеческих страданий, одиночества, отчаяния и депрессии посредством выслушивания людей, которым не к кому больше обратиться со своими невзгодами, которым нужно сочувствие и понимание.
О чем говорить? В каких ситуациях можно обратиться к нам.
Не стоит думать, что ваша проблема несерьезна или не стоит внимания: если что-то тревожит — необходимо снять нервозность, поговорив с психологом.
Если нет опыта обращения за помощью, и нужно сориентироваться в перечне проблем, с которыми работают психологи, то эта статья поможет вам в этом разобраться.
- Обязательно звоните, если страшно, обидно, одиноко, грустно, если вы злитесь или испытываете стресс, если появилась апатия, и даже если сложно назвать конкретную проблему.
- Если вы оказались в трудной жизненной ситуации, если возникли вопросы о ценности собственной жизни и ее смысле, если умышленно рискуете жизнью и здоровьем — это повод срочно позвонить и поговорить с психологом. Не откладывая!!!
- Сложности в отношениях (конфликты/недопонимание в семье (с родителями, бабушками и дедушками, братьями и сестрами; ссора с другом/подругой; недопонимание с парнем/девушкой; тяжелый разрыв романтических отношений; несчастная любовь; конфликт с учителем в школе; буллинг).
- Если вы столкнулись с ситуацией впервые и не знаете, какое решение принять — нужен взгляд со стороны. Это касается следующих моментов (переезд в новое место; переход в новую школу; совершили ошибку и не знаете, как ее исправить; обманули родителей и не знаете, как признаться; ушли из дома; попали в плохую компанию; стали жертвой киберугроз; незапланированная беременность; вам предлагают наркотики или склоняют к плохим поступкам и нарушению закона; вас преследует страх или тревожность; хотите помочь другу в трудной ситуации, но не знаете как; страшно оставаться одному дома; переживаете из-за ссор или развода родителей; потеря близкого человека).
- Если вы столкнулись с трудностями, связанными со школьной жизнью и отношением к учебе (переживания из-за предстоящих экзаменов/контрольной; отсутствие успехов в учебе; не можете определиться с профессией после выпуска из школы; не хотите ходить в школу; потеряли интерес к учебе, не понимаете, зачем вам это; испытываете сложности в планировании своего времени; испытываете стресс из-за учебной нагрузки; все надоело, вы устали и ничего не хотите).
- Если есть трудности, касающиеся вашего отношения к самим себе (не устраивает внешность или вы стесняетесь какой-то особенности; ничего не получается, потому что вас критикуют; вы не верите в себя; боитесь или стесняетесь знакомиться и общаться с другими людьми; слишком сильно переживаете из-за чужого мнения).
- Если вы обеспокоены поведением вашего ребенка или его психическим здоровьем? Не знаете как начать разговор с ребенком? Что делать, если ребенок постоянно нервничает, плачет и конфликтует с вами?
Это примерный список проблем, а в жизни бывают самые разные ситуации. Если вы не нашли в данном списке свою проблему, то это не значит, что психологи с ней не работают.
Если вас одолевают сомнения в том, нужна ли вам помощь психолога, вы не знаете, как начать разговор, не имеете представления, как проходит консультация, то вы можете построить свой первый звонок на в формате обычной беседы о том, чего можно ждать от консультации.
Чтобы получить консультацию психолога Телефона психологической службы, не нужно заранее записываться и ждать приема несколько дней или даже недель. Нужно просто позвонить по номеру 88000808150 и дождаться ответа консультанта. Консультанты ведут работу на двух языках.
При обращении на Телефон есть возможность получить опыт общения с несколькими психологами. У них разный стиль работы, разные подходы, и это позволяет посмотреть на ситуацию с разных точек зрения. Благодаря тому, что вы уже что-то поймете и проанализируете после первого звонка, второй звонок может оказаться более удачным. Попробуйте. Вы не ограничены в количестве звонков, и все звонки на Телефон — бесплатные.
Если же вы почувствуете, что хотите завершить разговор, потому что еще не готовы к нему, то можете прервать звонок в любой момент. Или рассказать о проблеме, и вместе с психологом преодолеть тревогу, стеснение и стыд.
Телефон психологической помощи доступен для детей, подростков и их родителей.

«Қоңырау шалыңыз - Сізді түсінеді!»

Мерекелерге, күнтізбеге және күннің қай уақытына қарамастан, дәл қазір көмек пен қолдау қажет ететін сәттер, жағдайлар бар!
Психолог-кеңесшінің көмегіне жүгіну - реніш, кінә мен үрейден арылудың алғашқы қадамы. Сөйлесу, жағдайға екінші жағынан қарау, шиеленістің алдын алу және мәселені шешудің жолын табу - қарапайым, әрі қол жетімді тәсіл.
Жүгінген жағдайда психологиялық көмек Телефоны сізге анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік береді.
Психолог-кеңесшілер сіздің қандай екеніңізді көрмейді;
Сіздің телефон нөміріңіз бен қоңырау шалатын орныңызды біле алмайды, өйткені нөмірлер анықталмайды;
олар сіз туралы ақпаратты тек қана сөздеріңізден біледі, өзіңіз туралы мәліметтерді айтпайсыз және өзіңізді кез-келген есіммен таныстыра аласыз;
ата-анаңыз, мектебіңіз, достарыңыз туралы ақпарат сұрамайды;
ақпаратты үшінші тұлғаларға, әлеуметтік қызметтерге бермейді. Қоңыраулар жазылмайды және тыңдалмайды;
мамандар өзгеріп отырады, егер де сіз бірнеше рет қоңырау шалсаңыз, онда сіз әртүрлі адамдармен сөйлесесіз.
Психолог-кеңесшінің міндеттері мұқтаж жандарды тыңдау арқылы адамның қайғы-қасіретін, жалғыздығын, үмітін үзбеуін және депрессияға түспеуін байқау, қадағалау.
Не туралы айту қажет? Қандай жағдайларда бізге хабарласуға болады.
Сіздің мәселеңіз маңызды емес, көңіл бөлудің қажеті жоқ деп ойламаңыз: егер де бір нәрсе мазаласа – психологпен сөйлесіп, мазасыздықтан құтылу қажет.
Егер де көмек сұрауға тәжірибеңіз болмаса, сіз психологтар жұмыс істейтін мәселелердің тізіміне назар аударыңыз, бұл мақала сізге психологтың жұмысын түсінуге көмектеседі.
- Қорқынышты, қорланған, жалғыздық, көңіл-күйіңіз жоқ сәттерде, сіз қатты ашулансаңыз немесе күйзеліске ұшырасаңыз, мазасыздық пайда болса, тіпті белгілі бір мәселені айту қиын болса да, міндетті түрде қоңырау шалуды ұмытпаңыз.
- Егер сіз өмірлік қиын жағдайға тап болсаңыз, өз өміріңіздің құндылығы мен оның мәні туралы сұрақтар туындаса, өміріңіз бен денсаулығыңызға қасақана қауіп төндірсеңіз — бұл психологқа шұғыл түрде қоңырау шалып, сөйлесуге мүмкіндік. Кейінге қалдырмаңыз!!!
- Қарым-қатынастағы қиындықтар (түсініспеушіліктер, қарама-қайшылықтар, отбасындағы түсінбеушілік (ата-аналармен, ата-әжелермен, ағалармен және әпкелермен; жүретін жігітіңізбен/қызыңызбен түсініспеушілік; жігіт/қыз арасындағы түсінбеушілік; романтикалық қарым-қатынастың тоқтауы; бақытсыз махаббат; мектептегі мұғаліммен болған жайсыздықтар; қорқыту, мұқату).
- Егер сіз бірінші рет қолайсыз жағдайға тап болсаңыз және қандай шешім қабылдау керек екенін білмесеңіз — сырттан көзқарас, көмек қажет. Бұл келесі жайттарға қатысты (жаңа жерге көшу, қоныс аудару; жаңа мектепке ауысу; қателік жіберіп, оны қалай түзетуді білмеу; ата-анаңызды алдап және қалай айтарыңызды білмейсіз, мойындау; үйден кету; жаман ортаға түсу; киберқауіптің құрбаны болу; жоспарланбаған жүктілік; сізге есірткі ұсыну немесе жаман әрекеттер мен заң бұзушылықтарға бейімдеу; сізді қорқыныш немесе алаңдаушылық мазаласа; қиын жағдайда қалған досыңызға көмектескіңіз келеді, бірақ қалай екенін білмейсіз; үйде жалғыз қалу қорқынышы; ата-анаңыздың ажырасуы немесе отбасыңыздағы жанжалдар, жақын адамыңыздан айрылу қайғысы).
- Егер сіз мектеп өмірі мен оқуға деген қарым-қатынасыңызға байланысты қиындықтарға тап болсаңыз (алдағы емтихандарға/бақылау жұмыстарына; оқу жетістіктерінің болмауы; мектепті бітіргеннен кейін мамандық туралы шешім қабылдай алмау; мектепке барғыңыз келмесе; оқуға деген қызығушылығыңызды жоғалтып алсаңыз, бұл сізге не үшін қажет екенін түсінбеу; уақытыңызды жоспарлауда қиындықтардың туындауы; оқу жүктемесіне байланысты күйзелісті сезіну; ештеңені қаламау, барлығынан шаршау).
- Егер сіздің өз-өзіңізге деген қарым-қатынасыңызға қатысты қиындықтар болса (келбетіңіз өзіңізге ұнамайды немесе қандай да ерекшелігіңізден ұяласыз; қолыңыздан ештеңе келмейді, өйткені, сізге көп сын айтылады; сіз өзіңізге сенбейсіз; басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға, танысуға қорқасыз немесе немесе ұяласыз; басқа біреудің пікірі, көзқарасы үшін тым қатты уайымдайсыз).
- Егер де сіз балаңыздың мінез-құлқына немесе оның психикалық денсаулығына алаңдасаңыз? Балаңызбен сөйлесуді қалай бастау керектігін білмейсіз бе? Егер ашулы болса, жылай берсе, әрі сізбен сөзге келіп қала берсе не істеу қажет?
Бұл мысал ретінде алынған мәселелердің тізімі, ал өмірде әртүрлі жағдайлар кездеседі. Егер де сіз осы тізімнен өз мәселеңізді таппаған болсаңыз, онда психологтар онымен жұмыс істемейді дегенді білдірмейді.
Егер сізде психологтың көмегі қажет пе деген күмән туындаса, әңгімені қалай бастайтыныңызды білмесеңіз, консультацияның қалай өтетінін білмесеңіз, онда сіз өзіңіздің алғашқы қоңырауыңызды әдеттегі әңгіме форматында өткізіп, консультациядан не күтуге болатындығы туралы біле аласыз.
Психологиялық қызмет Телефонының психологынан кеңес алу үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ және қабылдауды бірнеше күн немесе тіпті апталап күтудің қажеті жоқ. Сізге тек 88000808150 нөмірі бойынша қоңырау шалып, кеңесшінің жауабын күту керек. Кеңесшілер жұмысты екі тілде жүргізеді.
Телефонға хабарласқан кезде бірнеше психологтармен сөйлесіп тәжірибе жинаға мүмкіндік бар. Олардың жұмыс істеу стильдері, тәсілдері әртүрлі және бұл жағдайды әртүрлі тараптан қарауға мүмкіндік береді. Бірінші қоңыраудан кейін, сіз бір нәрсені түсіну, талдау арқылы мәселені түсінуге тырссаңыз, екінші қоңырауыңыз сәтті болуы мүмкін. Қоңырау шалып көріңіз. Сіз қоңыраулардың санымен шектелмейсіз және Телефонға барлық қоңыраулар - тегін.
Егер сіз әңгімені аяқтағыңыз келетінін сезсеңіз, өйткені сіз оны жалғастыруға әлі дайын емессіз, мұндай жағдайда сіз кез-келген уақытта қоңырауды тоқтата аласыз. Немесе мәселеңіз туралы сөйлесіп, психологпен бірге мазасыздықты, ұялшақтықты және ұялу сезімдерін жеңе аласыз.
Психологиялық көмек телефоны балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қол жетімді.


Комментариев нет
512 просмотров
Автор: b1420skobilim
Добавлено: 21.01.2022 в 21:14

Возможно вас заинтересует...!