Директор Касимова Разея Ескендырқызының бастамасымен М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер челленджі басталды. Челлендждің мақсаты-Қазақстандық мемлекеттілік, теңдік, егемендік идеяларын, Тәуелсіздік жылдарындағы халықтың жетістіктерін насихаттау. Лицей педагогтары осындай форматтағы идеяны қуана қолдады. Өлеңдерде біздің тәуелсіздігіміздің құндылықтары көрініс тауып, патриотизмнің, толеранттылықтың, бейбітшілік пен ұлттық келісімнің маңыздылығы туралы сөздер айтылды. Күн сайын бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын педагогтар өздерінің үлгісімен тарихты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді түсінудегі шығармашылық тәсілдің маңыздылығын көрсетті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены