Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауында нақтылғанған негізгі басым бағыттарды талқылау ұйымдастырылды.
Семиполка орта мектебінің 8-11 сыныптары арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауында нақтылғанған негізгі басым бағыттарды талқылау ұйымдастырылды. Пікір алмасуға негізделген жиынға 8-11 сыныптардың 23 оқушысы қатысты. Мектеп оқушылары мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған жаңа жолдауын зор ықыласпен қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін келелі өзгерістердің, халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған шаралардың бастамасы екендігіне сенім білдірді. Президент Жолдауындағы негізгі қағидалар туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Жастарға деген мемлекеттік қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму секілді мәселелер талқыланды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены