2020 жылдың 17 қыркүйегінде М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізілді. Жиналыстың мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету. Мектеп бойынша 76 ата-ананың 55 сы, яғни 72 пайызы жиналысқа қатысты. ZOOM платформасы арқылы 3 сыныпта, Whatsapp арқылы 2 сыныпта, және штаттық режимде 6 сыныпта өтті.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.