← Назад к новостям
 «Ойна да ойла» атты квест

«Ойна да ойла» атты квест

b126skobilim
20.11.2019 в 21:22
488 просм.
Нет комментариев

Бүгін бастауыш мектепте  бастауыш сынып апталығы аясында тағы бір іс-шара өтті.  Бұл жолы 1 және 2 сынып оқушылары   «Ойна да ойла» атты квест күтті.

Топтарға бөлініп, ойын шартымен, жоспарымен танысып, балалар квест тапсырмаларын орындауға кірісті.

   

Тапсырмалар өте қызықты болды. Жұмбақтар мен ребустар балаларды  біраз қиналдырды. Тіпті эксперименттер де  өткізуге тура келді. Осындай тапсырмаларды орындау кезінде балалардан бірлік, достық, ептілік және тез шешім қабылдай білу талап етілді.

             

                                           Әр аяқталған тапсырмаға балаларға пазлдар беріліп отырды. Жеңісті пазлдардан толық суретті бірінші болып жинаған команда ұтып алды. Жеңімпаздардың қуанышында шек жоқ!

                                              




Автор: b126skobilim · 20.11.2019
488
0