«Тіл мәртебесі
АНА ТІЛІМІЗ – ХАЛЫҚТЫҚ ҚАДІР-ҚАСИЕТІМІЗ БЕН ЕЛДІГІМІЗДІҢ МƏНІ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ІШІНДЕГІ ТӨРДЕН ОРЫН АЛАТЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ ,САЙЫН ДАЛАДАЙ КЕҢ ТЫНЫСТЫ, ТАУЛАРЫМЫЗДАЙ АСҚАҚ, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНДАЙ САБЫРЛЫ ДА, БАЙСАЛДЫ, ЕҢ ШҰРАЙЛЫ, ЕҢ БАЙ ТІЛ.
21.09.2019
«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты тіл мерекесіне орай өткізілген іс – шаралардың есебі
Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тілдер апталығы» ауқымды түрде аталып өтті. 16 қыркүйек пен 21 қыркүйек аралығына дейін жоспар құрылып, әрбір іс – шара жоспар бойынша өткізіліп отырды. Тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге сынып жетекшілері де ат салысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының туған күні - 5 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда КММ «№ 22 мектеп-гимназиясында» ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Нургалиева А.К. тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шараны пән мұғалімдері Карпач Т.А. және Ахметкалиева З.М. дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.Үш тілдің әдістеме бірлестік жетекшілері де құттықтап онкүндіктің бағдарламасымен таныстырып өтті.
Мақсаты: Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 7-сыныпта Қалымтаева Г.С, Абаков А.Т
«Тіл тәрбие бастауы» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, ал 9 сыныптарда Арстанова Р.Р, Қыстаубаева З.С «Тілге құрмет-елге құрмет» атты интеллектуалды марафон өткізді. Марафон өте қызықты, әрі тартымды, жоғары деңгейде жүргізілді.
Қыркүйек айының 16-сы күні мереке бағдарламасының кестесіне сәйкес, Ұлы ақын, ғалым, жазушы, аудармашы, философ бір сөзбен айтқанда, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы - Абай Құнанбайұлына арналған « Абай дара-Абай-дана» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы 4 «Б»сыныбында өтті, жауапты мұғалімдер: Смағұлова У.М мен Риянбек Н.Р. болды.
Дәл осы күні мектептің бірінші қабатында «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» атты оқушыларың салған суреттері, қабырға газеттері мен өз қолдарынан жасаған мүсіндерімен безендірілді.
3 – сынып аралығындағы оқушыларды қамтыған, іс-шараны жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Әлжан Л.Ш мен Тойчибекова Н.С «Тіл-ұлттың қазынасы» тәрбие сағатын өткізді, кішкентай бүлдіршіндер қазақ тілінде сөйлей білді.
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты 4 сыныптар арасында ұйымдастырған Дүйсенбекова Н.С. мен Мусина А.Ж. тәрбие сағаты өте жақсы дәрежеде жүргізілді.Оқушылар өздеріне көп мәліметтер алды.
5-сыныптар «Тіл-достықтың тірегі» атты Сагындыкова А.С, Қарамурзина А.Б. мұғалімдері сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.
«Қазақшаңыз қалай?» атты іс-шараға 6 сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды. Жауаптылар: Макаева Б.И, Кизатулина Г.А.
19 қыркүйек күнгі түскі уақытта 8 сынып мұғалімдері Жұмашева М.Н мен Базарова Г.С. ұйымдастыруымен сегізінші сынып оқушылары арасында «Асыл сөз» атты сайыс өтті. Сайыс барысында мақал – мәтелге тоқталып, мақал-мәтелдер туралы толық ақпарат берді, содан соң оқушылардан тіл, білім туралы қандай мақал – мәтел білетіндерін сұрап өтті. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Келесі кезең жұмбақ жарысына ауысып, оқушылар жасырылған жұмбақтың жауабын бірінен кейін бірі шешіп, өздерінің алғырлықтарын таныта білді және де жауабын үш тілде айтып берді. Жеңіске қол жеткізгендер марапатталды.
«Тілді білу-заман талабы» атты 10 сыныптар арасында тіл жанашырларына бірінші кезеңде дебат ұйымдастырылды, дебат жоғары деңгейде өткізілді. Екінші кезеңде танымдық ақпараттық сағаттың мақсаттарымен таныстырып өткен соң, тізгінді мектеп оқушылары алды. Өз кезегінде олар бірі – алаштың аяулы қайраткерінің өмір жолы мен талайлы тағдыры жайлы мәліметтер келтірсе, бірі - ақынның маржандай сұлу жырларын жатқа оқып, бірі – ғалымның «Педагогика» еңбегінен түйгендерін, ойларын ортаға салды. Сабақ барысында оқушыларға өзге де танымдық ақпараттар беріліп, алаштың ардақты ұлы жайлы түсірілген бейнематериалдар ұсынылды, сонымен қатар, «Жыр тербеген жүрек» атты кітап көрмесі тамашаланды.
«Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»,-деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, Мағжан ақынның еңбектері мен есімі өзі сүйген халқымен бірге жасап, жаңғыра берері сөзсіз...
19 қыркүйекте мұғалімдер Калиева М.А мен Қожанбекова Н.Қ ұйымдастыруымен
Қазақ тілі , орыс тілі мен ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – мәртебесі-ел мәртебесі» атты тілдер апталығының қорытынды кеші өтті, мерекеміз өз мәресіне жетті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Нургалиева А.К. құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, балалар қазақтың, орыстың, украиннің ұлттық биін шабыттана орындады. 5 «г» сынып оқушысы Бурбуркин Ярослав өзінің қоңыр дауысымен «Анама» әнін қазақша орындап көрермен қауымын таңқалдырды. 8 «с» оқушысы Алимжанова Дариға домбырамен әсем күй тартты, 11-сынып оқушылары Хасенова Евгения мен Саттыбаева Сабина қазақ тілінде жаңылмай Абайдың қара сөздерін ағылшын тілінде айтып шыққандығы жұртты таңғалдырды.
Іс-шаралардың барлығы өз уақытымен тиянақты, әрі қызықты өткізілді,қойылған мақсатына жетті.
Автор: sejtmhametova.roza
Добавлено: 26.09.2019 в 09:56