← Назад к новостям
Президент Жолдауын қолдаймын

Президент Жолдауын қолдаймын

b0923skobilim
02.09.2019 в 21:07
644 просм.
Нет комментариев

Мен "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрғалиева А.Т. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйек күнгі халыққа арнаған Жолдауын мұқият тыңдадым, осы Жолдауда елді толғандыратын мәселелер көтерілді және олар өзінің оң шешімін табады деп сенемін. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыта отырып, білім сапасын арттырып, қазақ тілін халықаралық қарым-қатынастық дәрежеге дейін жеткізу керек дегенді толық қоштаймын. Келесі жылы Әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті қажет ететіні де баса айтылды. Біз ұстаздар қауымы мұндай іс-шараларға белсене араласамыз деп сенім білдіремін.


Автор: b0923skobilim · 02.09.2019
644
0