Меню KDT
Достар! Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.


Достар!
Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған.
Оларды мектепке дайындау мақсатында әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған акциядан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 328 766 оқушы 2 млрд. 822 млн. 846 мың теңгеге материалдық және қаржылық көмек алған.
Бұл тек жылына бір рет ұйымдастырылатын акция болғандықтан, Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сәйкес, осы акцияға жаңашылдық енгізілді.
Бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады.
Нақтылап айтсам, біздің министрлік «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, дәстүрлі көмек көрсету механизмге қосымша ретінде портал арқылы онлайн түрде көмек көрсету туралы келісімге келдік.
Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар atamekenim.kz www.atamekenim.kz порталында орналасқан өтінім және тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсете алады. Сонымен, бүгіннен бастап «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында «Мектепке жол» акциясының жұмысын ресми түрде іске қосамыз.
Нәтижесінде бірнеше мәселелерді шешеміз:
біріншіден, біз балаға бір рет қана емес, жылдың әр мезгілінде қажетті құрал-жабдықтар алуға көмектесеюуге мүмкіндік болады;
екіншіден, көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардың арасында тікелей байланыс орнатылады;
үшіншіден, көмекке зәру адамдардың шынайылығын растап, олардың әлеуметтік қажеттіліктерінің жауапсыз қалмауына әсер етеміз;
төртіншіден, қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын онлайн түрде бақылау мүмкін болады.
P.S. Құрметті достар, «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесмен-меценаттарды, ректорларды және баршаңызды осы акцияға қатысуға шақырамын.
Кез келген істі басқаға айтпас бұрын, алдымен, өзім үлгі болуым керек деген оймен акцияны өзімнен бастайын деп отырмын.
Жақсылық жасайық достар!

Друзья!
Впереди новый учебный год. Соответственно, нашим ученикам нужны школьная форма и учебные принадлежности.
В целях социальной поддержки и подготовки нуждающихся детей к школе по инициативе Министерства образования и науки Республики Казахстан ежегодно во всех регионах страны с 1 августа по 30 сентября проводится республиканская благотворительная акция «Дорога в школу».
Данная акция проводится с 2008 года для детей из малообеспеченных, многодетных семей и детей, оставшихся без попечения родителей. В 2018 году за счет данной акции 328 766 детей получили материальную и финансовую помощь на сумму 2 млрд. 822 млн. 846 тысяч тенге.
Ранее акция проводилась только один раз в год.
В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Кемеловича Токаева, в текущем году в формат акции внесены новшества: теперь акция «Дорога в школу» будет продолжаться в течение года.
Министерство образования и науки совместно с Общественным объединением «Менің Атамекенім» пришли к соглашению об оказании онлайн помощи через портал. Теперь спонсоры и меценаты могут оказывать помощь нуждающимся семьям по заявкам и списку, размещенным на портале atamekenim.kz.
Таким образом, с сегодняшнего дня на портале общественного объединения «Менің Атамекенім» официально запускаем работу акции «Дорога в школу».
В итоге решаем несколько вопросов:
во-первых, мы помогаем ребенку не только однократным приобретением школьной формы, но и обеспечим сезонной (зимней, летней и т.д.) и спортивной одеждой и всем необходимым для учебного процесса;
во-вторых, будет налажена прямая связь между нуждающимися в помощи людьми и благотворителями;
в-третьих, подтверждаем подлинность тех, кто реально нуждается в помощи, и поможем в решении их социальных потребностей;
в-четвертых, будет возможность онлайн отслеживания поступлений и использования средств.
P.S. Уважаемые друзья, теперь акция «Дорога в школу» круглогодичная. Призываю государственных служащих, бизнесменов и меценатов, ректоров и всех желающих принять активное участие в этой акции.
В любом деле важен собственный пример. Начинаю акцию с себя!
#мектепкежол
#дорогавшколу

Нет описания фото.


Комментариев нет
446 просмотров
Автор: b1415skobilim
Добавлено: 24.07.2019 в 19:22

Возможно вас заинтересует...!