"№2 Смирнов орта мектебі" КММ 9-сыныпта "Абайтану" үйірмесінің жұмысы. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жангарина А. Е.
Бұл үйірме жұмысы ағарушы, ақын Абай өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында жүргізіліп отыр. Туған тілін сүюден, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдері тәрбиеленеді. Білімділік пен біліктіліктің нәтижесіне жетелейді.
Мақсаты: Ұлы данышпан ақынның өшпес мұралары ешқашан сөнбейді. Оны үнемі келешек жастарға насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отыру біздің парызымыз.
Міндеті: Осы талапты нығайту мақсатында жүргізіліп отырған «Абайтану» үйірмесі қазақтың дара ақыны –Абай мұраларын насихаттау, өмірі мен шығармашылығын оқушыларға тарату
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына.
«Абайтану» үйірмесі бойынша оқушылар өз ойын көркем тілмен жеткізетін, поэзияның сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне бойлап алатын, білімділік , біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, іздемпаз, шығармашыл, адамгершілігі мол оқушы қалыптасады.
Қазақ поэзиясының асқар шыңы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың көркем мұрасы- төл әдебиетіміздің асыл қазынасы. Ақын қазынасы көптеген өлеңдері мен поэмалардан, мысалдар мен нақыл сөздерден, философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз.Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырмандарды баурай түсері анық.
2018-2019 оқу жылы «Абайтану» үйірмесінде 9 сынып оқушылары Абайдың өмірбаяны, шығармашылығымен терең танысты. Әсіресе үйірме жұмыстарында оқушылар Абайдың өлеңдерін қазақшадан орысшаға аударды.Абайдың нақыл сөздерімен сұрақ-жауап, -Сен маған жауап берші!-деген әдістер көп қолданылды. Абайдың аудармаларын оқушылар топпен жұмыс істеп, өз ойларын ортаға салды.Оқушылар өз ойын көркем тілмен жеткізе алды, поэзияны танып,әдебиеттің сырлы әлеміне бойлап алатын тұлға қалыптасты.
Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз, шығармашыл, адамгершілігі мол оқушы қалыптасты.
Әсіресе үйірме жұмысында белсене қатысқан мына оқушыларды атап кетуге болады: Сарсенбаева Ажар, Сакибаев Сұлтанбек, Романенко Александр, Сыздыкова Жанель, Даулиева Аина.
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жангарина А. Е.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены