«Келешек» мектептері — әрбір оқушының мүмкіндіктерін ашып, бүгіннен бастап болашақты қалыптастыратын білім ордалары!
"Келешек мектептері"— әрбір оқушының мүмкіндіктерін ашып, бүгіннен бастап болашақты қалыптастыратын білім ордалары!
2026 жылғы 27 қарашада Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Келешек мектептері" педагогтеріне арналған «Оқытуды саралау және жекелендіру: тиімді тәжірибелерден жеке білім беру траекториясына дейін» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар оқытуды саралау мен жекелендірудің заманауи тәсілдерін қарастырып, тәжірибе алмасты және тиімді педагогикалық құралдармен танысты.
Ерекше назар келесі бағыттарға аударылды:
🔹 мұғалім жұмысында жасанды интеллект пен EdTech технологияларын қолдану;
🔹 сабақ барысында оқытуды саралау және жекелендіру әдістері;
🔹 дайындық деңгейі әртүрлі оқушыларды оқу үдерісіне тарту стратегиялары;
🔹 жеке білім беру маршруттарын құру;
🔹 STEM тәсілдері және практикалық бағыттағы оқыту.
Семинардың практикалық бөлімі педагогтерге жаңа тәсілдермен танысып қана қоймай, оларды іс жүзінде қолданып көруге мүмкіндік берді.
🤝 Мұндай кездесулердің басты құндылығы — кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және әрбір оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша дамуына мүмкіндік беретін тиімді шешімдерді бірлесіп іздеу.
Өйткені әрбір баланың әлеуетін ашу — бүгінгі білім берудің басты міндеті, ал болашаққа бастар жол бүгіннен басталады!



