← Назад к новостям
⚜️ ШЕКАРАСЫЗ ТАРИХ: жас тарихшылар – мәдениеттер мен ұрпақтар диалогында!

⚜️ ШЕКАРАСЫЗ ТАРИХ: жас тарихшылар – мәдениеттер мен ұрпақтар диалогында!

saparov.muhanbetali
26.11.2026 в 17:48
Нет просмотров
Нет комментариев

⚜️ ШЕКАРАСЫЗ ТАРИХ: жас тарихшылар – мәдениеттер мен ұрпақтар диалогында!
Тарих – ұрпақтарды, елдер мен халықтарды біріктіріп, таным көкжиегін кеңейтетін құндылық. Дәл осы идея Қызылжар ауданының «Қызылжар Абай орта мектебі» КММ базасында өткен «Еуразиялық кеңістіктің тарихы, мәдениеті және даму перспективалары жас тарихшылар көзімен» атты халықаралық қатысумен ұйымдастырылған III республикалық ғылыми-практикалық конференцияның негізгі арқауына айналды.
Конференция Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Павлодар облыстарынан, Абай облысынан (Семей қаласы), Астана қаласынан және Ресей Федерациясының оқушыларды, педагогтерді, ғалымдар мен тарихи-мәдени сала мамандарын бір алаңға тоғыстырып, мазмұнды диалог пен тәжірибе алмасудың, ғылыми ізденістің ортақ алаңына айналды.
Іс-шара барысында тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи жады, рухани құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы және оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланды. Шақырылған спикерлердің баяндамалары тарихи ғылымның жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы және өткенді бүгінгі күн тұрғысынан зерделеудегі маңыздылығын айқындай түсті.
📚 Оқушылардың зерттеу жұмыстарына ерекше назар аударылды. Жас тарихшылар өздерінің авторлық жобаларын таныстырып, тың жаңалықтарымен, көзқарастары мен ой-толғаныстарымен бөлісті. Олар тарихқа, мәдениетке және Еуразиялық кеңістіктің тағдырына деген шынайы қызығушылықтарын көрсете білді.
Конференция ғылыми жұмыстарды таныстыру алаңы ғана емес, идеялар тоғысқан, кәсіби тәжірибе алмасқан және жас зерттеушілердің ғылыми ізденіске деген құлшынысы артқан ерекше ортаға айналды. Мұндай бастамалар тарихи мұраны бағалай білетін, өткенге сыни көзқараспен қарайтын және болашаққа сеніммен қадам басатын ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.
👏 Ғылымның дамуына, ғылыми ынтымақтастықтың нығаюына және тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан үлестері үшін барлық спикерлерге, педагогтерге, ғылыми жетекшілерге және қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Автор: saparov.muhanbetali · 26.11.2026
0
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT