← Назад к новостям
«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» алдын алу іс-шарасын өткізді.

«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» алдын алу іс-шарасын өткізді.

b0910skobilim
20.11.2026 в 16:13
10 просм.
Нет комментариев

«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мектеп әкімшілігі учаскелік полиция инспекторы С.Т. Исмагуловпен бірлесіп оқушылардың ата-аналарына арналған «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтауға, балаларды қауіпсіз тасымалдауға, қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға және кәмелетке толмағандарда жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды. Учаскелік полиция инспекторы
С.Т. Исмагулов ата-аналарға Жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіріп, жүргізушілердің кәмелетке толмаған жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін еске салып, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударды. Балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету отбасында басталуы тиіс екендігіне ерекше назар аударылды. Ересектердің жеке үлгісі, назар аудару және жауапкершілік балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Естеріңізде болсын: жол қозғалысы ережелерін сақтау - формальдылық емес, өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі! Балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ жауапкершілігіміз!
https://www.facebook.com/share/p/1CqBjfNw1j/
 

Автор: b0910skobilim · 20.11.2026
10
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT