SchoolBot – 5-сынып оқушысының виртуалды көмекшісі

.jpeg)

🏆 Жетістігіңіз құтты болсын!
«Привольное орта мектебі» КММ-нің 5-сынып оқушысы Катрань Денис «Зерде» зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінде II орынға ие болды!
Денис «Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия» секциясында «SchoolBot – 5-сынып оқушысының виртуалды көмекшісі» тақырыбындағы зерттеу жобасын ұсынды.
Жоба жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Кушекова Алия Бейсенбаевна.
Бұл жетістік – оқушының ізденімпаздығының, мақсатқашл ұмтылысының, заманауи технологияларға деген қызығушылығының және ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
👏 Денис пен жоба жетекшісін тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа идеялар, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
Оқушыларымыз бен ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! 🌟



