← Назад к новостям
«ЖИ және менің сүйікті кітабым»

«ЖИ және менің сүйікті кітабым»

tolebimakataeva
10.11.2026 в 11:45
2 просм.
Нет комментариев

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қараша айының 2–6 күндері аралығында 5–8 сынып оқушылары арасында «ЖИ және менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жеке пікірін еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Эссе жазу барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой толғап, әдеби шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кітап әлеміне деген көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізуге мүмкіндік алды.
Кітап – рухани қазына, ал жасанды интеллект – білім мен шығармашылыққа бастайтын жаңа мүмкіндіктердің бірі. Ең бастысы, технологияны тиімді пайдалана отырып, оқушының өз ойы мен өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Осындай байқаулар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ізденімпаздық пен шығармашылыққа жетелейді!


https://www.facebook.com/share/p/1CYkofacGc/

Автор: tolebimakataeva · 10.11.2026
2
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT