Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Милана Лапешко «Экоұрпақ: бастамадан нақты іске» атты волонтерлік жасақтар мен «жасыл» клубтардың облыстық слетінде «Тұрақты болашақтың қаһармандары» атты экологиялық жобасын таныстырды! 🌍💚 ✨ Милана өз ұстазымен бірге бір жыл бойы маңызды әрі қызықты идеяны жүзеге асыру бағытында жұмыс істеді. Жобаның мақсаты — комикстер арқылы экология тақырыбын құрдастарына түсінікті әрі қызықты тілмен жеткізу. 📖 Комикс оқиғасында қоршаған ортаның ластануына қарсы күресетін, суды үнемдеудің және табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіретін төрт кейіпкер бар. Басты кейіпкер — жас оқырмандарды планетамызға қамқор болуға шақыратын Доктор Нео! 🦸♂️🌱 🏆 Жоба қалалық байқауда III орынға ие болып, өз деңгейінде жоғары бағаланды! 👏 Милананы және оның ұстазын тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық идеялар, шабыт пен толағай табыстар тілейміз! Экологиялық бастамаларыңыз көпшіліктің қолдауына ие болып, әлемімізді жақсартуға өз үлесін қоса берсін! 🌎💚
Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Милана Лапешко «Экоұрпақ: бастамадан нақты іске» атты волонтерлік жасақтар мен «жасыл» клубтардың облыстық слетінде «Тұрақты болашақтың қаһармандары» атты экологиялық жобасын таныстырды! 

1
0



