← Назад к новостям
«Баланың шығармашылығы — ең батыл идеялар дүниеге келетін әлем!» ✨

«Баланың шығармашылығы — ең батыл идеялар дүниеге келетін әлем!» ✨

saparov.muhanbetali
27.10.2026 в 17:40
3 просм.
Нет комментариев

«Баланың шығармашылығы — ең батыл идеялар дүниеге келетін әлем!» ✨
Республикалық «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» жобасы аясында «Жас дизайнер» байқауының облыстық кезеңі өтті.
🌟 Байқау балалардың қиялын, елестету қабілетін және көркемдік шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған алаңға айналды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, стандарттан тыс ойлау қабілеттерін және қызықты идеяларын жүзеге асыра білетіндіктерін көрсетті.
🏆 Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
4 жас санаты:
🥇 1-орын — «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы» КМҚК (Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы).
🥈 2-орын — «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасы (Петропавл қаласы).
🥉 3-орын — «Баларман» ЖШС (Петропавл қаласы).
5 жас санаты:
🥇 1-орын — «Баларман» ЖШС (Петропавл қаласы).
🥈 2-орын — «Егоровские сады» ЖШС, «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасы (Петропавл қаласы).
🥉 3-орын — «Мирас» бөбекжай-бақшасы (Қызылжар ауданы).
👏 Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен толағай табыстар тілейміз!
#ЖасДизайнер #СҚО #ЖасТаланттар #БалаларШығармашылығы

Автор: saparov.muhanbetali · 27.10.2026
3
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT