Ата-анамен бірге – Отанға деген сүйіспеншілік!
25 қазан – Республика күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында педагогикалық-психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп, «Ата-анамен бірге – Отанға деген сүйіспеншілік!» тақырыбында шығармашылық іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың белсенділігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайту. Шығармашылық пен ұлттық рух тоғысқан бұл іс-шара ата-аналарға ерекше әсер сыйлап, елге деген құрмет пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Еліміздің бірлігі бекем, болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! ВИДЕО
0
0



