Оқитын ұлт – озық ұлт»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 2026 жылдың 25 қыркүйек күні 9–10 сынып оқушылары арасында «Оқитын ұлт – озық ұлт» тақырыбында әдеби ринг форматында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, әдеби шығармаларға деген танымдық белсенділігін дамыту және өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Әдеби ринг барысында оқушылар «Зерде» және «Парасат» атты екі топқа бөлініп, өзара білім додасына түсті. Шара «Кітаппен дос болайық», «Әдеби блиц», «Жалғасын тап», «Кейіпкерді тап» атты төрт кезеңнен тұрды.
Оқушылар алғашқы кезеңде әдеби шығармалар мен авторларды таныса, әдеби блиц кезеңінде шапшаңдықтары мен білімдерін сынады. «Жалғасын тап» кезеңінде мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, халық даналығын қаншалықты білетіндерін көрсетті. Ал «Кейіпкерді тап» кезеңінде әдеби кейіпкерлерді сипаттамасы арқылы анықтап, шығармалар туралы білімдерін ортаға салды.
Іс-шара барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар сертификатпен, ал жеңімпаз топ дипломмен марапатталды.
Іс-шараны қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері К. Бекмырза және Н. Бейсенқызы ұйымдастырды.
18
0



