Мектебімізде «Зиянды әдеттерге нық қадаммен – ЖОҚ!» тақырыбында ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушылар мен мұғалімдерден интервью алынды. Интервьюде зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру туралы сұрақтар қойылды.
Оқушылар мен мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп қауымдастығы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Біз зиянды әдеттерге қарсымыз! Салауатты өмір салтын бірге қолдаймыз!
14
0



