← Назад к новостям
 «Мен және менің отбасым»

«Мен және менің отбасым»

tolebimakataeva
22.09.2026 в 11:46
15 просм.
Нет комментариев

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ кітапханасының оқу залында 2026 жылдың 11 қыркүйек күні Халықаралық Отбасы күніне орай және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Мен және менің отбасым» тақырыбында ақпараттық сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шарада кітапханашы Айнаш Жанатауова Құспанқызы отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасы құндылықтары, ата-анаға деген құрмет, өзара сыйластық, мейірімділік, сенім мен қолдаудың мәнін кеңінен түсіндірдірді. Шараның шығармашылық бөлімінде оқушылар отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет, бауырмалдық пен сүйіспеншілік туралы өз ойларын ортаға салды. Балалар өз туындыларында күн шуағының астында қол ұстасқан бақытты отбасы бейнесін салып, оның әрбір сәулесіне «Бақыт», «Мейірім», «Сүйіспеншілік», «Қамқорлық», «Адалдық» сынды қасиетті ұғымдарды жазды. Сурет астындағы қанат жайған қыран бейнесі арқылы бейбіт аспан мен еркіндікті көрсетіп, отбасылық жылулықты шебер жеткізе білді.


,

Автор: tolebimakataeva · 22.09.2026
15
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT