«Назар аудар, балалар!» профилактикалық іс-шарасы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Назар аудар, балалар!» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, жауапкершілікті сезіну және кез келген құқықбұзушылыққа жол бермеу қажеттігі айтылды.
Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.
,
6
0



