← Назад к новостям
«Тіл – ойдың шындығы»

«Тіл – ойдың шындығы»

tolebimakataeva
18.09.2026 в 11:39
14 просм.
Нет комментариев

Бүгін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Кусаинованың ұйымдастыруымен «Тіл – ойдың шындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Жантаев Марат пен Қуанышбаев Бекмырза дөңгелек үстелді ерекше форматта жүргізіп, қатысушылардың еркін әрі мазмұнды пікір алмасуына жағдай жасады. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тіл туралы ой-пікірлермен бөлісу, қазақ тілінің қоғамдағы маңызы мен құндылығын талқылау және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру еді.Іс-шараға жас мамандар мен ұстаздар қатысып, тілдің адам өміріндегі орны, ұлттық құндылық ретіндегі маңызы және қазақ тілінің бүгіні мен болашақтағы дамуы туралы ойларын ортаға салды.Кездесу барысында қатысушылар:
тілдің ұлттың рухани байлығы екені;
ана тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екені;
сапалы білім мен сауатты сөйлеудің маңызы;
қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы орны мен болашақтағы рөлі туралы пікір алмасты. Әсіресе жас мамандар талқыланған мәселелерге ерекше көзқарас танытып, өз ойларын ашық әрі еркін жеткізе білді. Олар ана тілінің мәртебесі, сауатты сөйлеу мәдениеті және қазақ тілінің болашағы жөніндегі құнды пікірлерімен бөлісті.
М. Әуезовтің «Тіл – адамның ойлау қабілетінің, сезімінің айнасы» деген сөзі тілдің адам өміріндегі айрықша орнын айқындайды. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттың болмысын, тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра.Сондықтан ана тілімізді құрметтеу, оны таза әрі сауатты қолдану – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет, ал тілді дамыту – ұлттың болашағын нығайту.Дөңгелек үстел мазмұнды пікірлер мен тағылымды ойларға ұласып, жас мамандарға рухани серпіліс сыйлады.


,

Автор: tolebimakataeva · 18.09.2026
14
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT