«Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мен ұлт тұтастығы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу, қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызын түсіндіру мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мен ұлт тұтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін қалыптастырудағы еңбегі, тіл білімі мен ағартушылық бағыттағы қызметі, ұлттық сананы оятудағы тарихи рөлі туралы мазмұнды пікірлер ортаға салынды.
Қатысушылар ұлт ұстазының ғылыми және рухани мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызын талқылап, ана тілін құрметтеу – ұлтты құрметтеу, ал тілдің тұтастығы – елдің тұтастығы екендігін атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығына қатысты өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген тағылымды сөзі бүгінгі ұрпаққа ана тілін ардақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын ұғындырады
,
8
0



