← Назад к новостям
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.

b147skobilim
13.10.2026 в 14:52
41 просм.
Нет комментариев

Жыл сайын 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн өзіміздің эмоционалдық жағдайымызға қамқорлық жасаудың, күйзеліспен күресуді, өз сезімдерімізді түсінуді және айналамыздағы адамдарға қолдау көрсетуді үйренудің маңыздылығын еске салады.
Мектебімізде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, білім алушылар арасындағы ізгі қарым-қатынасты дамытуға, эмоционалдық өзін-өзі реттеу және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, мектебімізде апта бойы психологиялық денсаулық онкүндігі өтеді.
Психикалық денсаулық — жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі! Ол бізге білім алуға, қарым-қатынас жасауға, қиындықтарды жеңуге, өмірдің қуанышын сезінуге және айналамыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Өз денсаулығымызға қамқор болайық, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мейірімділік пен түсіністік танытайық!

Автор: b147skobilim · 13.10.2026
41
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT