← Назад к новостям
📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАППЕН БІРГЕ ӨСЕМІЗ!

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАППЕН БІРГЕ ӨСЕМІЗ!

32mektepgymnazya
15.10.2026 в 11:30
49 просм.
Нет комментариев

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАППЕН БІРГЕ ӨСЕМІЗ!

📖 «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында №32 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен кітапханашысы кітапханада бас қосып, кітап оқудың маңыздылығын насихаттады.

Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы, ал кітап – адамзаттың асыл қазынасы. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасады, рухани әлемі байи түседі.
Ұстаздың кітап оқуы – оқушыға үлгі, ал оқуға деген сүйіспеншілік – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды құндылықтардың бірі. Өйткені кітап оқитын ұстаз – кітап оқитын ұрпақтың қалыптасуына жол ашады!
✨ Кітап оқиық, ой бөлісейік, білімімізді бірге арттырайық! Кітапқа деген сүйіспеншілік әр жүректе оянсын!
Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұлт! 📚❤️
#КітапОқитынҰлт #ОқитынҰлт #Кітапхана #КітапОқу #№32МектепГимназиясы

@bilimastana
@qosymsha_ast
@astana_adistemelik_ortalyq
@mainuresenbekovna
@astana_akimdigi_akimat_astana

Автор: 32mektepgymnazya · 15.10.2026
49
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT