← Назад к новостям

«Әке, ана және мен – спорттық отбасы!»

b0914skobilim
10.09.2026 в 14:25
3 просм.
Нет комментариев

 
Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әке, ана және мен – спорттық отбасы!» атты спорттық эстафета өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін дамыту және командалық рухты қалыптастыру.
Қатысушылар әртүрлі эстафеталарда ептіліктерін, шапшаңдықтарын, төзімділіктерін және ұйымшылдықтарын көрсете отырып, жарысты.
Спорттық эстафета балалар мен ата-аналардың бірге уақыт өткізуіне, спорттық қабілеттерін көрсетуіне және отбасылық қарым-қатынастарын нығайтуына тамаша мүмкіндік болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

#Адал_азамат
#День Семьи

Автор: b0914skobilim · 10.09.2026
3
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT