← Назад к новостям
Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы

Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы

b0917skobilim
23.09.2026 в 15:31
14 просм.
Нет комментариев

2026 жылдың 23 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметжанова Аспет Руслановна


2026 жылдың 23 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметжанова Аспет Руслановна 5 «А» сынып оқушыларына «Мақал–сөздің мәйегі» атты сайыс өткізді.
Сайыс барысында оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндірді.
Сонымен қатар мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне тоқталып, оларды орынды қолдану арқылы өздерінің тіл байлығы мен ой ұшқырлығын көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімдерін кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, сөздік қорын молайту және жасанды интеллект құралдарын білім алуда тиімді әрі сауатты қолдануға дағдыландыру.
Осындай танымдық сайыстар оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың асыл сөз мұрасын дәріптеуге ықпал етеді.

Автор: b0917skobilim · 23.09.2026
14
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT