← Назад к новостям
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән онкүндігінің ашылуы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән онкүндігінің ашылуы

18mektepastana
21.09.2026 в 14:17
66 просм.
Нет комментариев

21.09–02.10 аралығына жоспарланған қазақ тілі мен әдебиеті пән онкүндігінің ашылуы жоғары деңгейде, қызықты әрі әсерлі өтті. Онкүндіктің алғашқы күнінен-ақ оқушылар белсенділік танытып, ұйымдастырылған түрлі танымдық шараларға ерекше қызығушылықпен қатысты.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән онкүндігінің ашылуы

21.09–02.10 аралығына жоспарланған қазақ тілі мен әдебиеті пән онкүндігінің ашылуы жоғары деңгейде, қызықты әрі әсерлі өтті. Онкүндіктің алғашқы күнінен-ақ оқушылар белсенділік танытып, ұйымдастырылған түрлі танымдық шараларға ерекше қызығушылықпен қатысты.

Оқушыларға түрлі үстел ойындары, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сөздік және логикалық тапсырмалар ұсынылды. Әсіресе үстел ойындары балаларға ерекше ұнап, олар өз білімдерін сынап, бір-бірімен пікір алмасып, тапсырмаларды көтеріңкі көңіл күймен орындады.

Бұл шаралар оқушылардың оқу сауаттылығын, тілдік мәдениетін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамытуға, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Онкүндіктің ашылуы оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, алдағы іс-шараларға қызығушылықтарын оятты. 📚🌷

Теги: 18 ШКОЛА
Автор: 18mektepastana · 21.09.2026
66
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT