← Назад к новостям
«Жол қозғалысы ережелері»

«Жол қозғалысы ережелері»

b147skobilim
09.09.2026 в 17:38
160 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде полиция қызметкерлерімен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Бүгін 4-сынып оқушылары үшін «Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқушыларға жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері, жол қозғалысы талаптарын сақтау және көшеде мұқият болудың маңыздылығы түсіндірілді. Ал 9-сынып оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік және оның салдары туралы ақпарат берілді. Мұндай профилактикалық кездесулер оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, заң талаптарын сақтауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
 
 

Автор: b147skobilim · 09.09.2026
160
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT