← Назад к новостям
«Мектепке жол»

«Мектепке жол»

83mektep
10.08.2026 в 17:00
211 просм.
Нет комментариев

📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!




📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2026–2027 оқу жылына орай «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Жалпыға міндетті білім беру» (Всеобуч) қоры есебінен материалдық көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды.
💰 Материалдық көмек мөлшері – 50 851 теңге.
Материалдық көмек төмендегі санаттағы білім алушыларға көрсетіледі: 🔹 атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары; 🔹 жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары; 🔹 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 🔹 төтенше жағдай салдарынан көмекке мұқтаж отбасылардың балалары; 🔹 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары (Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
📄 Құжаттар ҚР заңнамасына сәйкес қабылданып, Қамқоршылық кеңесінің қарауына ұсынылады.
📍 Қажетті құжаттар тізімін сынып жетекшісінен немесе мектеп әкімшілігінен ала аласыздар.
🤝 Балаларымыздың жаңа оқу жылын толық дайындықпен қарсы алуына бірге қолдау көрсетейік!
Ыбырай Алтынсарин атындағы 83мектеп-гимназиясы

Автор: 83mektep · 10.08.2026
211
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT