← Назад к новостям

Мектебімізде «Наурыз – достық пен бірліктің мерекесі» атты ерекше іс-шара өтті.

dias.kudaibergen
18.03.2026 в 10:51
7 просм.
Нет комментариев

Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
НАУРЫЗ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ.
Ұлттық құндылық-Ұлттық рух🇰🇿


Аталған іс-шара тек 7-сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып, ұлттық рух пен салт-дәстүріміздің маңызын дәріптеуге бағытталды. Әр сынып қазақы нақышта киіз үйлер құрып, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді сахналық көрініс арқылы көрсетті.
Сонымен қатар, оқушылар қазақтың ұлттық ойындары – арқан тартыс пен ләңгі тебу бойынша өзара сайысқа түсіп, ептілік пен ұйымшылдықтарын танытты.
Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DWBqX_JjFos/?igsh=bDMzc2hpZDQ2bWd5

Автор: dias.kudaibergen · 18.03.2026
7
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT