← Назад к новостям

Педагогты жұмысқа қабылдау

b1430skobilim
29.07.2026 в 18:37
3 просм.
Нет комментариев

«Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін IT-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін IT-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 196, индексі 150000 (заңды мекенжайы: Абай көшесі, 100, индексі 150010) мекенжайы бойынша, тел. 8-715-2-46-70-46, электрондық поштасы fitlyceum@sqo.gov.kz бойынша педагогтардың бос және уақытша бос лауазымдарын атқаруға арналған конкурс өткізу туралы хабарлайды:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқыту). Апталық оқу жүктемесі – 16 сағат. Бос орын 01.09.2026 жылдан 31.08.2029 жылға дейін (баланы күту бойынша демалыс уақытына)
  2. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқыту). Апталық оқу жүктемесі – 16 сағат. Бос орын 01.09.2026 жылдан бастап.
  3. Бастапқы әскери және технологиялық дайындықтан педагог-ұйымдастырушы. Апталық оқу жүктемесі – 1 мөлшерлеме (штат бірлігі). Бос орын 01.09.2026 жылдан бастап.
  4. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. Апталық оқу жүктемесі – 16 сағат. Бос орын 01.09.2026 жылдан бастап.
  5. Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (0,5 мөлшерлеме). Бос орын 01.09.2026 жылдан бастап.

Еңбекақы төлеу еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Лауазымдық жалақы жұмыс өтіліне және біліктілік санатына байланысты санаттар бойынша лауазымдық жалақыларды есептеу коэффициентіне сәйкес белгіленеді, үстемеақыларды есептемегенде:

  • бастауыш сынып мұғалімі – 179 554 теңгеден 368 226 теңгеге дейін,
  • бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы – 159 627 теңгеден 287 222 теңгеге дейін,
  • орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 178 226 теңгеден 358 382 теңгеге дейін,
  • тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (0,5 мөлшерлеме) – 86 007 теңгеден 209 179 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысуға үміткер білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы) 113-тармағына сәйкес құжаттарды https://hr.nobd.edu.kz платформасында Комиссияның қарауына ұсынуы тиіс.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (30.07-10.08.2026).

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде (11-17.08.2026) кандидаттардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарайды. Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидаттың жинаған балдары негізінде қабылдайды. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстың жеңімпазы болып саналады, оған шешім қабылдау үшін 24 (жиырма төрт) сағат беріледі. Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса немесе бас тартса, тағайындау құқығы бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған келесі конкурс қатысушысына беріледі.

Автор: b1430skobilim · 29.07.2026
3
0